Сапа стандарттары
2015 жылы «Кристалл Менеджмент» АҚ энергия өндіруші ұйым ретінде ҚР СТ 50001-2012 «Энергетикалық менеджмент жүйесі» халықаралық стандартын енгізді. Бұл стандарт қазіргі таңда мекемеде сәтті қолданылып келеді және энергияны тиімді басқаруға, энергия ресурстарының барлық түрлерін нәтижелі пайдалануға әрі үнемдеуге септігін тигізуде.
Жүргізілген міндетті энергетикалық аудит негізінде 2014 жылы сарапшылармен бірлесіп «ЭнМЖ бойынша энергетикалық мақсаттар мен міндеттер» жасалды, олар келесі бағыттардан тұрады:
- Энергетикалық нәтижелікті жүйелі арттыру;
- Қоршаған табиғи ортаға кері әсерді төмендету, парниктік газдар шығарындыларын төмендету;
- Пайдалану шығындары мен энергияның жұмсалуын төмендету;
- «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV Заңының талаптарына сәйкес қамтамасыз ету;
- Әлеуметтік жауапкершілікті көрсету;
- Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, инвестициялар үшін тартымдылық, инновациялар үшін стимул;
- Компания персоналының кәсіби деңгейін арттыру.