«Кристалл Менеджмент» АҚ 2008 жылдан бері энергетика саласында қызмет атқаратын компания болып табылады. Сондай-ақ, 2014 жылдан бері компания жер қойнауын пайдалану саласында қызмет атқарып келеді.
2018 жылғы 19 қаңтардан бастап «Кристалл Менеджмент» АҚ-ң (ISIN KZ1C00001486) жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізіміне баламалы алаңның «акциялар» секторына енгізілді. «Кристалл Менеджмент» АҚ-ң (CRMG) KASE-тегі ресми парақшасы
2020 жылғы 19 маусымнан бастап «Кристалл Менеджмент» АҚ-ң (ISIN KZ1C00001486) жай акциялары Astana International Exchange (AIX) ресми тізіміне «Pre - IPO Листинг» сегментіне енгізілді. «Кристалл Менеджмент» АҚ-ның (CRM) AIX-тегі ресми парақшасы
2008-2012 жылдар аралығында компания қуаты 87 МВт болатын газтурбиналық электр станциясы құрылысының жобасын Қазақстан Республикасы Қызылорда облысы «Ақшабұлақ» мұнай-газ кен орнында жүзеге асырды. Жоба Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына және Қазақстан Республикасының электр энергиясын дамыту мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Жобаның екінші сатысы– бұл қарапайым циклдан күрделіге ауысу – бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, электр станциясының ПӘК-ң өсуіне алып келеді.
Келісімшарт жасалған, орталықтандырылған сауда-саттықта сатуға жоспарланған және ГТЭС-Ақшабұлақ шиналарынан желіге еркін электр қуатын жіберу туралы ақпарат:
1.РФО-ны есепке алмағанда, келісімшартталған электр қуаты: 76.478 МВт
2.Орталықтандырылған сауда-саттықта сатуға жоспарланған және ГТЭС-Ақшабұлақ шиналарынан желіге жіберуге бос электр қуаты: жоқ
Ескертпе:
Ақпарат «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 09.06.2004 жылғы № 588-II Заңының 13-бабының 13-тармағына сәйкес орналастырылған.
Қызылорда, Қарағанды және Ақтөбе облыстарындағы учаске аумағында (А Блогы) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған 2014 жылғы 07 ақпандағы №3996-УВС келісімшарт.