Компания қызметінің әрекеттегі екі бағыты:

  • Энергетика – ҚР Қызылорда облысы Ақшабұлақ кен орнындағы қуаты 87 МВт газтурбиналық электр станциясын (Ақшабұлақ ГТЭС) пайдалану.
  • Жер қойнауын пайдалану – Қызылорда, Қарағанды және Ақтөбе облыстары аумағындағы Оңтүстік Торғай алабының солтүстік-шығыс бөлігіндегі лицензиялық учаскеде (А Блогы) КСШ барлау.

Ақшабұлақ кен орнындағы газтурбиналық электр станциясы

Building

  «Кристалл Менеджмент» АҚ қолданыстағы бизнесті – Қызылорда облысы Ақшабұлақ кен орнындағы қуаты 87 МВт газтурбиналық электр станциясын (Ақшабұлақ ГТЭС) ойдағыдай сәтті іске асырды. Жоба 2008-2012 жылдар аралығында іске асырылды әрі жобалауды, жабдықтарды таңдап алу мен тапсырыс беруді, құрылыс, пайдалануға беруді қамтыды. Газтурбиналық электрстанциялар үшін толымдаушы өнімдер шығаруға бейімделген әлемдік деңгейдегі жетекші өндірушілерден тек қана жаңа жабдықтар мен технологиялар сатып алынды. Технологиялық жоба үш газ турбинасын қамтиды: Н-25 (Hitachi, Жапония), электротехникалық жабдық ("ABB", Финляндия), түтін мұржасы бар газ шығарғыш жүйелер (Clyde Bergemann Bachmann, USA) және басқалар. Сатып алынған жабдықтардың барлығы осындай техникалардың соңғы шыққан буынына жатады, пайдаланылған газдағы NOx дәрежесі 25 ppm аспайды, бұл халықаралық экологиялық талаптарға сәйкес келеді. Электр энергиясы «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС мұнай өндіруші компаниясының ілеспе газын кәдеге жарату арқылы өндіріледі, электр станциясы осы аталған компанияның кен орнында салынған. Ақшабұлақ ГТЭС «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-ң ілеспе газды кәдеге жарату бағдарламасының негізгі және ажырамас бөлігі болып табылады.

Building

  Ақшабұлақ ГТЭС-ң энергиялық тиімділігін арттыру мүмкіндігі бар. Шикізат мөлшері жеткілікті болған жағдайда, Ақшабұлақ ГТЭС-ң екінші сатысын – қосымша қуат беретін бу-газды қондырғының құрылысын жүзеге асыру ұйғарылуда. Бұл газ турбиналарының пайдаланылған жылуынан электр энергиясын газдың қосымша мөлшерін жақпай өндіруді 87 МВт-тан 125 МВт-қа арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша Ақшабұлақ ГТЭС-ң кеңеюі табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттырады, қарапайым циклдан күрделіге ауысу электр станцияның ПӘК-ң өсуіне алып келеді. Дамудың бұл бағыты Қазақстан Республикасының қабылданған мемлекеттік энергиялық тиімділік стратегиясына және экологиялық таза технологияларына сәйкес келеді.

  ;Жобаға инвестициялардың негізгі бөлігін 2009 жылы жобаның мүмкіндіктерін қарастырып, тәуекелдерін таразыға салып, қаржы бөлу туралы шешім қабылдаған «Қазақстан Даму Банкі» АҚ салды. Жоба менеджменті және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ бірлесіп шетелдік банктерден (BNP Paribas, CITI Bank of Tokio, Japan Bank for International Cooperation) ұзақ мерзімді экспорттық несие алды, бұл «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ң рейтингтерін мойындау еді.

Жер қойнауын пайдалану